Қазақстанда 2024 жылдың басынан бастап көлік құралдарын міндетті сақтандыру тарифтерін белгілеуде өңірлік түзету коэффициенттері қолданыла бастады. Реттеуші рентабельділіктің артуына байланысты нарық қатысушыларының сұраныстарын ескере келе, тарифтерді қайта қарау туралы шешім шығарды. Ал коэффициенттер енгізілгеннен кейін, көлік құралдарын міндетті сақтандырудың шығын коэффициенті жылдам өсе бастады.
Түзету коэффициенттерін енгізу арқылы реттеуші әрбір аймақ үшін неғұрлым әділ тарифтерді қалыптастыруды көздеді. Өйткені сақтандыру сомасы бірдей болған кезде қауіптілігі аз аймақтардағы жүргізушілер басқа, төтенше жағдайлары жоғары аймақтар үшін артық ақша төлеп отырды деп айтуға болады.
Мәселен, түзету коэффициенттері енгізілгенге дейін көлік құралы иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру тарифтері 15 жылдан астам уақыт бойы...