2023 жылғы 3 наурыздан жеке тұлғалардың банкроттығына өтінімдер қабылдана бастады. Өтінішті жеке тұлға өзі береді. Осы ретте Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банкроттықты рәсімдейтін оператор емес екенін мәлімдейді.
«ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі оператор емес және бұл мәселе бойынша өтінімдер мен азаматтарды жеке қабылдамайды», делінген агенттік таратқан ақпаратта.
2022 жылы 30 желтоқсанда «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңға қол қойылды. Заңда 3 түрлі рәсім көзделген.
Бірінші рәсім – соттан тыс банкроттық.
Оны тек банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыздар бойынша қолдануға болады.
Ол үшін...