Жетісу облысында орналасқан Қызылтас археологиялық кешенінде диорит өндіруге тыйым салынды. Бұл жайлы Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабай айтты.
Талдықорған қаласының инфрақұрылымдық нысандарын аралау барысында қоғам белсенділері әкімнен облыс орталығының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан Қызылтас шатқалының жағдайын сұраған. Өңір басшысы петроглифтер тұрған жерлерде диорит өндіруге түбегейлі тыйым салынатынын мәлім еткен.
Әкім Қызылтастың бірегей петроглифтері жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын тарихи-мәдени нысандар тізіміне енгізілгеніне тоқталып:
«Ұлттық Құрылтайдың үшінші отырысында президент бай мәдени мұрамызды сақтау үшін бірегей тарихи нысандарымызды, атап айтқанда, петроглифтерді бүліну мен вандализмнен қорғау қажет екенін айтты. Экологтармен, жұртшылықпен, құзырлы органдармен бірлесіп, «Тасбақа» тас...