«Курсив» топ-менеджментке төлейтін қаржы бойынша қандай банктердің акционерлерін «жомарт» деп атауға болатынын анықтады. Есептеулер көрсеткендей, 2023 жылы Қазақстанның банк секторындағы басқарма мүшелерінің орташа жалақысы айына 24 млн теңгеден 63 млн теңгеге дейін құбылып отырған.
«Курсив» ашық деректер негізінде қазақстандық 15 банктің және Kaspi.kz финтех-холдингінің (Kaspi.kz банкінің бас компаниясы) топ-менеджерлерінің орташа жалақысын есептеп шықты. Орташа айлық сыйақыны есептеу үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылды: шоғырландырылмаған аудиттелген есептер (мұнда негізгі басшыларға ақшалай және ақшалай емес сыйақы туралы ақпарат бар), Қаржылық есептілік депозитарийі (ДФО) порталы (банктер басқарма мүшелерінің жалпы сыйақысын жариялауға міндетті) және аудиттелмеген жылдық есептер (банктер өз еркімен басшылыққа төленетін төлемдер туралы қосымша...