Құрылыс кодексінің жобасына 291 млн теңге бюджет қаражаты негізсіз жұмсалған. Мәжіліс отырысында Үкімет басшысына депутаттық сауал жолдаған Бақытжан Базарбек осылай деп мәлімдеді.
Құжат сынның астында қалды
Естеріңізде болса, Мәжіліс Құрылыс кодексінің жобасын қабылдаған сәттен бастап депутат аталған құжат сапасын сынға алды.
«Құжат сапасыз, ал Мәжіліс депутаттары оны алты айдың ішінде пысықтап, түзетуі керек. Осылайша, қомақты қаржының бөлінуі де тиімді құжат әзірлеуге көмектеспеді. Құрылыс кодексінің 98-99%-ы қолданыстағы заңдардан тұрады және ешқандай жаңашылдығы жоқ», – деді мәжілісмен.
Сондықтан бір топ депутат мұндай сапасыз кодекс жобасына бюджет қаражатын жұмсаудың орындылығы туралы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит...