«ҚазМұнайГаз» вьетнамдық Sovico Group компаниясымен тұрақты авиациялық отын өндіру жобасын талқылады
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мен вьетнамдық Sovico Group арасында арнайы топ құрылмақ. Бұл туралы ҚМГ басқарма төрағасы Асхат Хасенов вьетнамдық Sovico Group компаниясының басқарма төрағасы Нгуен Тхань Хунгпен кездесуі барысында келісілді. Ақпаратты Ұлттық компанияның баспасөз қызметі таратты.
Еске саламыз, SOVICO Group Qazaq Air әуекомпаниясын сатып алуға ниетті. Аталған кездесуде осы жағдай ескеріліп, вьетнамдық компаниямен тұрақты авиациялық отын өндіру мәселесі қарастырылған. Сонымен қатар жиында карбонды кредит жобаларына қатысты ынтымақтастыққа ерекше назар аударылыпты. Сондықтан екі компания арасында топ құру көзделіп отыр.
Еске саламыз, «Самұрық-Қазына» қоры конкурстық рәсімдерді айналып өтіп, Qazaq Air әуекомпаниясын SOVICO Group-қа сату туралы шешім қабылдағанын жазған...