Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов үкіметтің сейсенбідегі отырысынан кейінгі брифингінде АҚШ президенті Дональд Трамптың салық саясатына қатысты сауалға жауап берді.
2025 жылғы 1 тамыздан бастап Қазақстанның Құрама Штаттарға жөнелтілген экспортына баж салығы 25% болады. Осы уақытқа дейін АҚШ қазақ тауарынан 10% сауда салығын алып келген. Алайда Трамп билікке келгелі бері Американың әлем елдеріне қатысты салық саясатын түбегейлі өзгертіп жатыр.
Алайда Қазақстан Ақ үй әрекетіне қарсы шара қолданбайды, яғни америкалық тауарға баж салығын өсірмейді. Премьер-министр бүгінгі брифингте осылай деп мәлімдеді.
«Бірден айтайын – ондай жоспар жоқ. АҚШ-тың жаңа салық ережесіне тоқталайын. Біздің АҚШ-қа жіберетін экспорттың жалпы көлемін...