Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бұхараға барып, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен кездесті. Бұл туралы «Oʻzbekiston 24» телеарнасы хабарлады.
Кездесу бейресми түрде өткен. Дәл осы күні Мирзиеев облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын бақылау мақсатындағы жұмыс сапармен Бұхараға барды. Ал Нұрсұлтан бұл Назарбаев қалаға «ежелгі сәулет ескерткіштерін аралау» үшін келіпті.
Шавкат Мирзеев пен Назарбаев қаланың бірнеше маңызды және көрікті орындарын аралаған. Өзбекстан ақпарат құралдарының дерегінше, Мирзеев қонағымен бірге Бұхараның тарихи-мәдени мұрасын талқылап, оның Өзбекстан үшін ғана емес, бүкіл аймақ үшін маңызды екеніне назар аударған.
Еске саламыз, 2024 жылдың наурыз айында Қазақстанның экс-президентін БАӘ-де жүргені ақпарат құралдарының назарына ілінген болатын. Ол кезде Абу-Дабидегі Нью-Йорк...