Лудоманияға қатысты заң күшіне енсе де, букмекерлік кеңселердің жарнамасы әлі де қоғамдық орындарда ілініп тұр. Бостандық ауданының халқымен кездесу барысында әкім Ерболат Досаев жарнамалардың қашан алынатынын айтты.
Жиында қала тұрғыны лудоманияға қатысты заң күшіне енгеніне қарамастан, спорт кешендері мен тұрғын үй қабырғаларында букмекерлік кеңселердің жарнамалары самсап тұрғанын айтты.
«Лудоманияға қатысты заң қолданысқа енді. Бірақ Орталық стадион мен қаладағы тұрғын үй қабырғаларынан әлі де букмекерлік кеңселердің жарнамасы алынған жоқ. Бұл жарнама баннерлерін кім алуы керек? Қашан алынады?», – деп сұрады тұрғын.
Досаев заңда қоғамдық орындардан жарнаманы алуға белгілі бір уақыт берілетінін, сонда...