АҚШ-тың Қаржы министрлігі «Россия сегодня» және оның еншілес компаниялары— «РИА Новости», RT, Ruptly және Sputnik атты бірқатар бұқаралық құралдарына санкция салды. Вашингтонның пікірінше, бұл ресейлік медиақұрылымдар АҚШ-тағы президент сайлауына ықпал етуге, сайлау кезінде дауыс берушілердің сеніміне селкеу түсіруге ұмтылып жатыр.
Құжатта осы ақпарат құралдары арқылы Ресей бүкіл әлемде, соның ішінде Молдовадағы ахуалға ықпал етуге, Украинадағы жағдайды ушықтыруға күш салып жатыр.
Санкциялық шектеуге RT бас редакторы Маргарита Симоньян, оның орынбасарлары Елизавета Бродская, Андрей Кияшко мен Антон Анисимов және RT сандық жобалар менеджері Константин Калашников, медиажобалар бөлімінің қызметкері Елена Афанасьева да іліккен.
АҚШ әділет министрлігінің мәлімдеуінше, Калашников пен Афанасьеваға қаржы жылыстату және...