Қазақстанның халық әртісі, аты аңызға айналған әнші Бибігүл Төлегеноваға Air Astana қызметкері дөрекі сөйлеп, бортқа кіргізбей қойды. Бұл туралы Air Astana әуе компаниясының президенті Питер Фостерге арналған ашық хат әлеуметтік желіде жарияланды.
Лика Савельева Facebook парақшасында қазақстандық опера әншісі, халық әртісі Бибігүл Төлегенованың әуе сапары кезінде орын алған жағымсыз жағдай туралы жазды.
«Бибігүл Төлегенованы шығарып салушы адам оны бортқа дейін арбаға отырғызып алып келген. Бірақ қызметкер оларды дереу тоқтатып арбаға таңылған жолаушылар ұшаққа не ең бірінші келуі керек екенін, ал, бірінші келмеді ме соңғы жолаушы кіріп кеткенше күтуі керек екенін айтты… Бибігүл Ахметқызы арбамен...