ITS халықаралық сауда платформасы 2024 жылдың 4 қыркүйегінен бастап инвесторларға АҚШ қор нарығының қосымша 1004 бағалы қағаздарына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Осылайша сауда алаңында сатылатын құралдар тізімі 2 есеге жуық кеңейеді. ITS-тегі акциялар, ETF және депозиттік түбіртектердің жалпы саны 2 752-ге жетпек.
«ITS клиенттеріне ең қызықты қаржылық өнімдерді ұсынуға ұмтылады. Инвестициялау үшін қолжетімді құралдардың ішінде, атап айтқанда, чип өндірушілер мен жылжымайтын мүлік қорларының акциялары бар. Біз эмитенттердің географиясын кеңейтіп, бірегей өнімдерді ұсыну арқылы инвестициялық құралдардың санын көбейтуді жалғастырамыз», – деді ITS бас директоры Шыңғыс Қанапьянов.
ITS сауда платформасы клиенттерге кез келген инвестициялық стратегия үшін бағалы қағаздарды...