АҚШ билігі Венесуэла президенті Николас Мадуроның ұшағын тәркіледі деп хабарлайды CNN. АҚШ бұл лайнерді Мадуро америкалық санкцияларды бұза отырып сатып алған деп санайды.
Басылымның мәліметінше, құны 13 миллион доллар тұратын ұшақ кейінгі кезде Доминикан Республикасында тұрған. АҚШ билігінің бұйрығымен дүйсенбі, 2 қыркүйек күні лайнер Флоридаға ауыстырылған.
Ресми мәліметтер бойынша, бұл ұшақ – Венесуэланың бірінші тұлғалары пайдаланатын әуе көлігі. Онымен Мадуро бірнеше елге сапарлаған.
Ұшақты тәркілеу үшін АҚШ Доминикан Республикасымен тығыз жұмыс істеген. Телеарна дереккөзі Венесуэла үкіметінің бұл шешімге шағымдануға мүмкіндігі бар екенін атап өтті.
«Ұшақтың тәркіленуі Америка Құрама Штаттары мен Венесуэла арасындағы онсыз...