Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігіне ұсақ бұзақылық пен вандализмнен бастап, шетелдіктердің заңсыз көшіп келуіне, басқа да ауыр қылмыстарға қатаң тосқауыл қою міндеттелетінін, әсіресе, экстремистердің, оның ішінде әсіре діншілдердің елге іріткі салуына жол бермеу қажет екенін айтты.
«Ішкі істер министрлігі ұсақ бұзақылық пен вандализмнен бастап, шетелдіктердің заңсыз көшіп келуіне және басқа да ауыр қылмыстарға қатаң тосқауыл қойып, дереу жолын кесуге міндетті. Құқықтық мемлекетте қылмыс әлеміне орын жоқ, қарақшылықты түп-тамырымен жою қажет. Түрлі экстремистердің, оның ішінде әсіре діншілдердің де елге іріткі салатын әрекеттеріне қатысты ұстаным дәл осындай болуға тиіс. Құқық қорғау органдары кәсібилік, батылдық және...