Шығыс Қазақстан облысындағы Ертіс шахтасында төрт адам қаза тапты. Алдын ала мәліметтер бойынша, олар газдан уланып қайтыс болған деп хабарлайды KAZ Minerals.
» 2024 жылғы 31 тамызда шамамен 17.30 сағатта «Ертіс» шахтасында кәсіпорынның екі қызметкерінің және мердігер ұйымның екі қызметкерінің мәйіттері табылды. Алдын ала себебі – газдан улану. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр, қайғылы оқиғаны тергеу жөніндегі арнайы комиссия құрылды. KAZ Minerals Тобының Директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачук жазатайым оқиғаны тергеуге жеке қатысу үшін Ертіс шахтасына барды. KAZ Minerals Тобының басшылығы мен ұжымы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады», – делінген хабарламада.