Шығыс Қазақстандағы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір өткелін салу жобасы 31,2 млрд теңгеге, яғни 104%-ға қымбаттатқан. Ал Өскемендегі Гематология орталығының құны 32-ден 72 млрд теңгеге бір-ақ өскен. Осы және өзгеде құрылыс саласындағы заң бұзушылықтар Жоғары аудиторлық палата тексерісінен кейін белгілі болды. Аудиторлар құрылыс саласында 1,3 млрд теңгеге заңбұзушылық болғанын анықтап отыр.
Құрылыс саласында қандай кемшіліктер бар?
Палата ұсынған ресми статистикаға сүйенсек, өткен жылы Қазақстандағы құрылыс жұмыстарының жалпы көлемі 2022 жылмен салыстырғанда 21%-ға ұлғайып, 7,6 трлн теңгеге жеткен. Оның көп бөлігі тұрғын үй және ғимараттар, жолдар мен автомагистральдар, сумен жабдықтау және кәріз құбырлары, мұнай және газ магистральдық құбырларына тиесіл...