Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік спортшыларға азаматтық беріп, олимпиадаға легионерлер қосу тәжірибесін қолдамайды. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Олимпиада жүлдегерлерімен кездесуде айтты.
«Кез келген легионер ұлттық құрамаға шақырту алғысы келетін жас әрі болашағынан көп үміт күттіретін атлеттеріміздің жолын кеседі. Одан гөрі қазір бізде дамуы кенжелеп тұрған спорт түрлерінен мықты шетелдік бапкерлерді тарту мүмкіндігін қарастырған жөн. Легионер-спортшылардың жетістігі бүгін мерейіңді өсіргенмен, ертең абыройыңды асқақтатпайды. Бұл жерде кәсіби бапкерге басымдық берген жөн»,– деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ Президенттің айтуынша, спорт саласында жемқорлық фактілері жиілеп кеткен. Соңғы бес жылда спортқа бөлінген бюджеттің шығыны екі есе өскен, бірақ соған лайықты...