Қазақстандықтардың көпшілігі депозиттер үшін төленетін кепілді өтемақы мөлшері туралы жақсы біледі. Бұған Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры жүргізген сауалнама қорытындысы дәлел.
Зерттеу нәтижелері бойынша, қазақстандықтар депозит ашатын кезде мына факторларға назар аударатыны анықталды:
банк туралы ақпарат (респонденттердің 38%); сыйақы мөлшерлемесі (32%); шоттан ақшаны мерзімінен бұрын алу мүмкіндігі (24%); депозиттер бойынша кепілді өтемақы сомасы (6%); банк қызметінің ыңғайлы болуы (1%).Алынған жауаптар салымшылардың өз қаражаттарын банкке орналастыру барысына барынша саналы түрде қарайтындықтарын және депозит бойынша сыйақы мөлшерлемесінің жинақ таңдауда жалғыз өлшемшарт еместігін көрсетті.
Осы талап бойынша ҚДКБҚ-ға 119 адамнан жауап келген. Олардың 59%-ы «депозиттердің түрлері» тақырыбы бойынша көбірек материалдар...