АҚШ Сауда министрлігі санкциялар тізімін жаңартып, оған тағы 123 компания қосты. Оның арасында Қазақстан мен Қырғызстанда тіркелген All Global Trading Elektronik Dis Ticaret Ltd Sti түрік фирмасы да бар. Бұл туралы ақпарат Америка үкіметінің федералды тізілімінде жарияланды.
Өнеркәсіп және қауіпсіздік бюросының мәліметінше, тізімдегі 123 компания АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігі немесе сыртқы саясатының мүдделеріне қайшы әрекет етеді.
Түрік компаниясының Қазақстан мен Қырғызстандағы филиалдарынан бөлек, санкцияларға 64 ресейлік және 42 қытайлық, сондай-ақ 8 түрік, 11 ирандық компания ілліккен. Бұған қоса, Канада, Кипр, Украина және БАӘ-нің бір-бір субъектілері санкцияға ұшыраған.
Ашық дереккөздегі мәліметтерге сүйенсек, All Global Trading Elektronik Dis Ticaret Ltd...