Фото: kursiv.media
2023 жылғы 15 мамырдан Отбасы банкінде аралық заемдар бойынша сараланған сыйақының төмендетілген мөлшерлемелері қолданылады. Осыған дейін мөлшерлеме диапазоны жылдық 7%-дан 11,5%-ға дейін болған (ЖТСМ 7,4% бастап). Енді бұл дәліз 6% – 10% (ЖТСМ 6,2% бастап) аралығында белгіленіп, төмендейтін болады. Бұл туралы банк баспасөз қызметі хабарлады.
«Кредит бойынша мөлшерлеме көлемі қаражатты депозитте жинақтау мерзіміне және оны толықтыру жиілігіне байланысты болады. Бұл өзгерістер Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін іске асыру қағидаларына сай.Бұл өлшемшарттарды бағалау үшін Отбасы банк бағалау көрсеткішін (әрі қарай-БК) қолданады. Бағалау көрсеткіші неғұрлым жоғары болса, несие бойынша мөлшерлеме соғұрлым төмен болады», делінген хабарламада.