Фото: shutterstock.com
Сәрсенбі күні Dow Jones индексі 0,09%-ға төмендесе, ал S&P 500 бен Nasdaq Composite индекстері сәйкесінше 0,45% және 1,04% қосқан. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының таңғы шолуында жазылған.
S&P индексіндегі 11 сектордың жетеуі табысқа қол жеткізіп, коммуникация және технология компаниялары көш бастаса, ал энергетика мен қаржы нарық соңында қалды.
Nasdaq 100 технологиялық индексі Amazon (+3,3%), Alphabet (+4,1%), Apple (+2,8%) және Microsoft (+1,7%) сияқты ірі компания акцияларының арқасында тамыз айындағы ең жоғары деңгейге жетті. Дегенмен Airbnb (-10,9%) мен Twilio (-12,6%) акциялары екінші тоқсанға қатысты нашар болжам жариялағаннан кейін, арзандап кетті. Rockwell Automation акциялары билік компанияны Америка...