Алматыда тағы бір тұрғын үй кешені сатып алуға ұсынылмайтын тізімге енді. Ол бойынша сот талқылаулары жалғасуда, деп хабарлады inAlmaty.kz қала құрылысын бақылау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Қала құрылысын бақылау басқармасының баспасөз қызметі Достық даңғылы 170/1 мекенжайындағы тұрғын үй кешенінде пәтерлерді сату туралы хабарландыру анықталған. Тексеру барысында құрылыс мақсаты басқа ғимараттың баспанаға айналғаны тіркеліп отыр. Осылайша әкімдік бұл жағдайдың заңсыз екенін алға тартты.
Яғни меншік иесі бұл учаскеде сәулет-жоспарлау тапсырмасымен құрылысты 2005 жылы бастаған, содан кейін нысан бірнеше жылға тоқтатылған.
“Кейін жер учаскесі басқа меншік иесіне берілді. Ол сол учаскеде заңсыз стационарлық емес сауда объектілерін...