Ұлттық банк кәсіпорындарда мониторинг жүргізіп, дайын өнімнің, шикізат пен материалдар бағасының өсу қарқыны жеделдей түскенін анықтаған. Банк сонымен бірге кәсіпорындар арасында сауалнама жүргізіп, осы жылдың екінші тоқсанында елдің экономикалық жағдайының бизнеске әсерін, геосаяси ахуал мен Ресей санкциялары кәсіпорындардың жұмысына қаншалықты әсер еткенін талдаған.
«2024 жылдың ІI тоқсанындағы кәсіпорындарды мониторингтеу нәтижесі бойынша, 2024 жылдың II тоқсанында дайын өнімнің, шикізат пен материалдар бағасының өсу қарқыны жеделдеді», – дейді ҚР ҰБ АКСД директоры Рүстем Оразалин.
Сарапшы мәліметінше, кәсіпорындар өндіретін өнім бағасының өсу қарқыны жеделдеп, баға динамикасының жалпы өзгерісін көрсететін диффузиялық индекс көлемі 57,8 болған. Бұл...