Сауда комитеті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының Ұлттық статистика бюросындағы былтырғы және биылғы тамыз айындағы бағаларына талдау жүргізді.
ӘМАТ тауарларына енетін өнімдердің басым бөлігінің бағасы былтырға қарағанда арзандаған.
Күнбағыс май. Елде жыл басынан күнбағыс майының бағасы 15% арзандаған. Былтыр тамызда күнбағыс майының 1 литрі 781 теңге болған болса, биыл бұл баға 626 теңгеге дейін арзандаған.
Пияз. Пияз бағасы былтыр 177 теңге болса, биыл дүкен сөрелеріне 129 теңгеден сатылуда.
Қырыққабат. Қырыққабат осыдан 1 жыл бұрын 159 теңгеден сатылған болса, қазір республика бойынша орташа бағасы 124 теңгені құрап тұр.
Қант. Былтыр қанттың 1 келісі 434 теңгеге дейін жетсе, қазір оның бағасы...