Алматыда өткен Visa Fashion Week сән көрсетілімі дауға қалды. Дизайнер Лилия Мамиева Жеңіс күнінен шабыт алған киім үлгілерін көрсетті. Бірақ көпшілік оны «соғысты насихаттады» деп айыптады.
Қазақстандық дизайнер Лилия Мамиева Kirpi брендінің атынан сән үлгісін таныстырды. Өзінің айтуынша, жаңа топтаманы жасағанда Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі киімдерден шабыт алған. Подиумда қыздар хаки түсті сарафандармен, ал ер адамдар қырқыншы жылдардағы кеңес әскері формасына ұқсас киімдермен жүріп өтті.
Дизайнердің айтуынша, бұл топтама соғыста болған атасына арналған.
«Биыл ол кісіге 100 жыл толар еді. 1925 жылы туған. Бұл мен үшін өте маңызды. Бұл – ең алдымен сезім мен...