Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жариялады. Әлемді жайлаған коронавирус пандемиясына байланысты елімізде төтенше жағдай жарияланып отыр.
«Менің кешегі жарлығыммен бүгін таңғы 8-00-ден бастап бүкіл Қазақстан аумағында төтенше жағдай енгізілді. Төтенше жағдай мерзімі 30 тәулікке созылады. Президент жанынан мемлекеттік комиссия құрылды. Оны премьер-министр басқарады. Барлық қажетті алдын алу шаралары жүзеге асырлады, қоғамдық тәпртіп қатаң бақылауға алынады. Көпшілік қатысатын іс-шаралар тоқтатылды», – деді мемлекет басшысы.
Осы орайда көптеген азаматтардың алдағы мерекеге жоспар құрғанын түсінемін дей келе, бүкіл халықтың денсаулығы үшін осындай шешім қабылдап отырғанын жеткізді.
«Ірі сауда нысандарының жұмысына шектеуге мәжбүрміз, бірақ азық-түлік дүкендері және базарлар өз жұмысын жалғастыра береді. Ойын-сауық орталықтары, кинотеатрлар, театрлар...