«Шабыт» ұлттық өнер академиясының ректоры болу үшін белгілі скрипкашы Айман Мұсақожаева өзін Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерінің туысымын деп таныстырған азаматқа қомақты қаражат төлеген. Бұл туралы Алмалы аудандық сотының құжаттарында жазылған.
Мәселенің мән-жайы
Алмалы аудандық соты жақында 37 жастағы Арман Тәженов есімді азаматына қатысты үкім шығарды. Бұл азамат өзін көпшілікке ҰҚК бастығының туысымын деп таныстырып, арам жолмен ақша табуды ойластырған. Тергеу мәліметінше, сотталушы азаматтарды жоғары лауазымды қызметтен дәмелендіріп келген. Оның қармағына бұрынғы ҰҚК қызметкері мен белгілі скрипкашы Айман Мұсақожаева да түскен. Тәженов срипкашыға «Шабыт» ұлттық өнер академиясының ректоры қызметін қайтарып беруге уәде берген. Бұрынғы орнына қайтуды ойлаған...