Байланыс операторлары ТЖ кезеңінде өз абоненттеріне қазақстандық домендік аймақта орналасқан интернет-ресурстарға қосымша төлемсіз кіруге, тіпті телефон теңгерімінде қаражат жоқ болған жағдайда да қосылуға мүмкіндік беретін түрлі шешімдер мен тарифтік жоспарлар ұсынуда. Бұл туралы толығырақ әркімөз байланыс операторынан анықтай алады, деп хабарлайды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі.
Оқу орындарының қашықтан оқыту форматына көшуіне байланысты Интернетті тегін пайдаланудың маңызы зор. Еліміздің ірі байланыс операторлары, оның ішінде «Қазақтелеком» АҚ, «Транстелеком» АҚ, «Кар-Тел» ЖШС, «Кселл» АҚ, «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС, «Astel» АҚ бұдан бұрын ЖОО сайттарын, электрондық анықтамалық деректер базасын, онлайн-күнделік, электронды білім беру порталдарын және ҚР Білім және ғылым...