Соңғы бірнеше ай бойы әлеуметтік желіде Үндістандық бақуатты отбасының тойы туралы видеолар көріп жүрген боларсыз. Түрлі ақпарат агенттіктері тойға кеткен шығынды санап, өнер көрсеткен жұлдыздар тізімін жариялаумен болды. Бір қызығы, жас жұбайлар Анант Амбани мен Радхика Мерчанттың үйлену тойы 12-14 шілде аралығында өтеді. Бұған дейінгі жиынның бәрі той алдындағы отырыстар. Отыз күн ойын, қырық күн тойын тойлау осындай болса керек…
Осыған дейінгі отырыстарға тек әнші-бишілер ғана шақырылып қоймады. Марк Цукерберг, Билл Гейтс сынды бай кәсіпкерлер де мерекенің сәнін келтірді. Ең алғашқы отырысқа жақында ғана балалы болған Рианна шақыртылды. Әншіге 7 млн доллар көлемінде ақы төленді деген ақпарат бар. Наурызда күйеу жігіт...