Қазіргі уақытта қант өндіру саласында импорт көлемін азайту – өзекті мәселе. Ауыл шаруашылығы министрлігі Жамбыл мен Павлодар облыстарында қосымша 2 зауыт салу жобасы талқыланып жатқанын хабарлады.
Импортқа тәуелділік мәселесін шешу мақсатында мемлекет бірқатар шара қабылдаған. 2023 жылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге субсидиялар нормативтері ұлғайтылды. Кәсіпорындарға 300 мың тонна көлемінде құрақ шикізатын бажсыз әкелуге квоталар берілді. Құрақ қантын өндірген кезде қосымша құн салығы 70%-ға дейін азайтылды. Құрақ шикізатын импорттаған кезде ҚҚС-тан босату қарастырылды.
«Аталған шараларды іске асыру отандық қант өндірісін қосымша 300 мың тоннаға ұлғайтуға және импортқа тәуелділікті шамамен 10% -ға төмендетуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті ауыл шаруашылығы вице-министр...