Қазақстандық режиссер Асхат Кучинчерековтың «Бауырына Салу» атты туындысы Италияның Иския аралында өткен 23-ші Ischia Film Festival халықаралық кинофестивалінде «Үздік толықметражды фильм» номинациясы бойынша бас жүлдені жеңіп алды.
Фильм Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің және Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілген.
Бұған дейін «Бауырына Салу» фильмі:
Asia Pacific Screen Awards байқауында «Ең үздік жастар фильмі» атанған; Baku International Film Festival (Әзербайжан) додасында бас жүлдеге ие болған; Cinema Heritage Festival (Франция) фестивалінде арнайы марапатқа лайық деп танылған; Ал оператор Жанарбек Елеубек Asia World Film Festival аясында «Үздік оператор» номинациясын жеңіп алған.Сонымен қатар фильм «Оскар-2025» премиясына «Шет тіліндег...