Bank RBK қор нарығынан 17 млрд теңге қаржы тартуды жоспарлап отыр. Бұл қаржыны банк экономиканың нақты секторына несие ретінде бермек.
Ол үшін банк Қазақстан қор биржасына құны 1000 теңгелік 17 миллион қамтамасыз етілмеген купондық облигация шығарады. Облигациялар бойынша негізгі борыш пен сыйақы ұлттық валютада есептеледі. Негізгі сыйақы мөлшерлемесі бүкіл айналым мерзімінде 4% деп белгіленген. Сыйақы облигация иелеріне 12 айда бір рет төленеді.
Банк облигацияларын айналымға шыққан уақыттан 5 жылдан соң ғана кері сатап ала алады. Бұл «жасыл», әлеуметтік немесе тұрақты даму облигациялар емес.
Облигациялар шығарылымынан түскен қаражат экономиканың нақты секторына несие беруге жұмсалады. Кредит ірі кәсіпорындарға...