Қазақстанда педофилдерге химиялық кастрация тағайындайтын сараптама енгізіледі. Бұл жайында Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли айтты.
Оның айтуынша, елімізде сот-сараптамасының «Сот-сексологиялық сараптама» деген жаңа түрі енгізілетін болады. Оған соңғы кездері сексуалдық сипаттағы қылмыстар санының артуы себеп болуда. Сонымен қатар халықаралық тәжірибе де ескеріліп отыр.
«Әділет министрлігі зерттеудің жаңа түрі – «Сот-сексологиялық сараптаманы» енгізу жұмыстарын бастады. Бұл күдікке ілінген азаматқа құқық қорғау органдарының өтініші бойынша жүргізіледі. Сараптама кезінде ол азаматтың психологиялық портреті қалыптастырылады. Қарапайым тілмен айтқанда, сараптама тексерілушінің жыныстық/психосексуалдық дамуда қандай да бір ауытқулардың бар немесе жоқтығы қаралады. Педофилдерді анықтау, тексерілушіге «химиялық кастрация қажет пе жо...