Үш аптаға созылған сот процесінен кейін, Нью-Йорктің Оңтүстік округі бойынша АҚШ округтік соты алқабилері сот үкімін Алматы қаласы әкімдігінің (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі) және «БТА Банкі» АҚ үшеуінің пайдасына шешті. Феликс Сатерге, Bayrock Group, Inc., Global Habitat Solutions және MeM Energy Partners LLC-ге қатысты шағымдарды (мүлікті заңсыз иемдену, негізсіз баю және қаражат алу) мақұлдады. Қазылар қарсы тарапқа өтемақы ретінде 32 миллион долларды төлеуді міндеттеді.
Әділет министрлігінің мәліметі бойынша сот отырысында М.Әбілязовтың БТА банкке қатысты алаяқтығы және Батыс сотында алғаш рет В. Храпуновтың Алматы қаласында жасаған алаяқтық ісі жөнінде бұлтартпас дәлелдер ұсынылды. Әбілязов БТА-дағы қызметін асыра пайдаланып, миллиардтаған доллар жалған несие...