Алматы қаласының соты метро құрылысы кезінде 5 миллиард теңге бюджет қаражатын жымқырды деп айып тағылған 10 адамға қатысты үкім шығарды. Істің негізгі фигуранттары 7-8 жылға бас бостандықтарынан айырылған. Бұл туралы Бас көлік прокуратурасы хабарлайды.
Сот барысында айыптау жағы сотталушылардың «Метрополитен» КМК, «Алматыметроқұрылыс» АҚ, «Автоматтандыру және технологиялар қызметі» ЖШС-ні басқарып тұрған кезінде жалған фирмалар арқылы ірі көлемде қаржы шығарып алғанын дәлелдеді.
Бұрынғы басшылар өз сыбайластарымен бірігіп, 2018 жылдың маусымы мен 2020 жылдың тамызы аралығында «Сарыарқа» және «Достық» станцияларына бөлінген қаржыны жеп қойған. Осы метро станциялары құрылысы барысында керек-жабдық құнын 10 есе қымбат көрсетіп, артық ақшаны жалған фирмалар арқылы иеленген...