Ел үкіметі қымбатшылықты ауыздықтау үшін тұрақтандыру қорларындағы азық-түлікті нарыққа көптеп шығармақ. Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин өңірлерге осындай тапсырма берді.
Серік Жұманғарин атап өткендей, өткен аптада көкөністер бағасының қымбаттау қарқыны бәсеңдегенімен, тұрақтаған жоқ. Яғни, әлеметтік маңызы бар тауарлардың тұрақтандыру қорларынан нарыққа шығарылатын көлемі әлі де жеткіліксіз болып отыр.
«Әкімдіктерге қорды қоймаларда ұстамай, көкөніс сататын сауда нысандарының санын көбейте отырып, оларды үлкен көлемде нарыққа шығаруды тапсырамын», деді Серік Жұманғарин әкімдіктердің басшыларына.
Сауда және интеграция министрлігі сауда комитеті төрағасының міндетін атқарушы Айдар Әбілдабековты айтуынша, айналымға 56,2 мың тонна көкөніс жіберілген. Бүгінде 18,4 мы...