Алматыда жастар арасында шахматтан өтіп жатқан 26-шы Азия чемпионатында классикалық түрі бойынша жеңімпаздар анықталды.
Қазақстандық шахматшылар әртүрлі жас санаттарында бірден 5 алтын медаль алды: Ризат Ұлан (8 жасқа дейін), Нұрәлі Болашақов (10 жасқа дейін), Эдгар Мамедов (14 жасқа дейін), Сұлтанбейбарыс Думанұлы (16 жасқа дейін) және Алдияр Аңсат (18 жасқа дейін).
Чемпиондық дубльді (рапид және классикалық) – үндістандық Нараяни Умеш Маратха (G08), Анна Шухман (G18) және қазақстандық Алдияр Аңсат (U18) жеңіп алды.
Осылайша, 12 жасқа дейінгі санаттан басқа барлық жас санатында қазақстандық ұлдар алтын алды. U08 санатында Ризат Ұлан мәреге бір тур қалғанда 1-орынды жеңіп алды. Бірақ ол мұнымен тоқтап қалмай...