20 жасар Қазыбек Нөгербек шахматтан әлем чемпионы атағын жеңіп алды. Бұл туралы Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.
Қазыбек FIDE World Junior (Open & Girls) Chess Championships 2024 жасөспірімдер әлем чемпионатында алтынды жеңіп алды.
Қазыбек Нөгербек – (2502) Қазақстан құрамасының мүшесі, KazChess грантының иегері. 11 турда 8½ ұпай жинап, 1-орынға ие болып, әлем чемпионы атағына үміткерлер турниріне іріктеу аясындағы Әлем Кубогына жолдама алды.
«Қазыбекті әлем чемпионатындағы жеңісімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл жарқын да айтулы жеңіс қазақ шахмат мектебінің шежіресінде маңызды орын алады. Бұл шахматты дамытуда біз таңдаған бағыттың дұрыстығын тағы бір рет дәлелдед...