Түркістан облысының тұрғыны 6 миллион теңге пара алып жатқан жерінде ұсталды. Ол өзін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері ретінде таныстырған.
«Өзін ҚР ҰҚК қызметкері ретінде таныстырған және ЭТТД мен ҰҚКД тарапынан тексеру іс-шараларын тоқтату сылтауымен пара беруге итермеледі», – делінген хабарламада.
Қаржылық мониторинг агенттігі өкілдерінің мәлімдеуінше, келісілген ақшалай сыйақы сомасы 12 млн теңгені құраған. Әйел аталған соманың жартысын алу кезінде ұсталды. Қаржы мониторингі агенттігі Түркістан облысының тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Осыған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет шетелдік азаматтан пара алды деген күдікпен Алматы полицейлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастаған еді.
Ведомствоның мәліметінше,17 мамырда әлеуметтік желіде белгісіз автордың Алматы полиция...