Алаяқтар жасанды интеллект көмегімен АҚШ-тың бір топ жоғары лауазымды саясаткерлеріне мемлекеттік хатшы Марко Рубионың даусымен қоңырау шалған, деп жазады Euronews.com.
Washington Post басылымының хабарлауынша, алаяқ Signal шифрланған қосымшасы арқылы Рубионың атынан АҚШ Конгресі мүшесімен, бірқатар губернатормен және үш сыртқы істер министрімен байланысқа шыққан.
АҚШ билігі бұл әрекеттің артында кім тұрғанын нақты білмейді, бірақ олардың ойынша, алаяқ ықпалды шенеуніктерді алдап, қандай да бір ақпаратқа немесе жүйеге қол жеткізуді мақсат еткен.
Алаяқтар ЖИ-ді қалай пайдаланады
Алаяқтықтың жаңа түрі – дауыс клонын қолдану деп аталады. Бұл туралы Австралиядағы Чарльз Стерт университетінің сарапшылары мәлімдеді.
Мұндай тәсілде алаяқтарға үш секундтық дауыс үлгісі жеткілікті. Олар адамның дауысын көшіріп, туыстары мен достарын алдап, ақша сұрауы мүмкін. Бұл...