Сарапшылардың зерттеуінше алдағы жылдары Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс арта түседі. Болжам бойынша, 2030 жылға қарай жалпы республика халқының саны 1,6 млн адамға өседі. Оның ішінде Астана, Алматы, Шымкент тұрғындарының саны 1,2 млн адамға көбейеді. Нәтижесінде 6 жылдан кейін халықтың 28%-ы ірі қалаларға қоныстанады.
«Мәселен, ірі мегаполистерде 6,1 млн адам, қалаларда 7,8 млн адам, ауылдарда 7,7 млн адам тұруы мүмкін», – дейді Dasco Consulting Group компаниясының басқарушы директоры Дәрмен Сәдуақасов.
Сәйкесінше Halyk Finance зерттеуінше алдағы жылдары тұрғын үйдің бағасы да қымбаттайды. Мәселен, 2024 жылы жаңа үйлердің бағасы 4,3%, 2025 жылы 5,8%, 2026 жылы 6,8%-ға дейін өсуі мүмкін. Қайталама...