Алматы қаласы прокуратурасының азаматтық, әкімшілік істер және атқарушылық іс жүргізу бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау басқармасы «HOMEBROKER» АҚ-мен «БЖЗҚ» АҚ пайдасына 3 161 428 049 теңге мөлшерінде зейнетақы активтерін өндіріп алу жөнінде шаралар қабылдады (Алматы қ. МАЭС-тің 01.07.2016 ж. шешімі). Бұл туралы Алматы қаласының прокуратурасы хабарлады.
Атқарушылық іс жүргізу материалдарын зерделеу кезінде «HOMEBROKER» АҚ – ның борышкердің банкроттығы жолымен «БЖЗҚ» АҚ алдындағы міндеттемелерін орындаудан жалтару, кейіннен осы міндеттемелерді есептен шығару және дебитор-аффилиирленген компаниялардан борышты өндіріп алу жөнінде пәрменді шаралар қолданбау фактілері анықталды.
Қала прокуратурасының тапсырмасы бойынша «БЖЗҚ» АҚ «HOMEBROKER» АҚ-мен «Сити Сервис Инвест Строй» ЖШС-нен осы қаражатты өндіріп...