Елдің ішкі жалпы өнімін экспорттық тауарлармен толтырып отырған балық шаруашылығына қатысты қылмыстық қудалау мен шабуыл тоқтамай тұр. Осылай деген депутат Ерлан Саиров балықшылардың мәселесін көтерді.
Мәжілісмен мемлекет басшысының бизнеске қарсы «Азаматтық тәртіп негізінде шағымданудың барлық мүмкіндігі пайдаланбайынша, қылмыстық іс қозғауға тыйым салынады» деген тапсырмасын еске салды. Депутаттың айтуынша, Президенттің тапсырмасына қарамастан қаржы агенттігі балық шаруашылығына шабуыл жасап жатыр.
«2023 жылдың қазан айынан бастап, Шығыс Қазақстан, Алматы, Түркістан, Атырау облыстарының барлық жерінде балық өнімдерін өңдейтін тоғыз зауытқа қарсы негізсіз қылмыстық істер қозғалған. Зауыттардың барлығы өнімді экспортқа шығарушы болып табылады. Яғни бухгалтериясы ашық, шыққан өнім кеден арқылы бақыланып отырады! Отандық балық өнеркәсіб...