Өзінің азаматтық некедегі әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталып, сот ісі ашық жүргізілген бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжановқа қатысты сот үкімі шықты.
«Сот Қуандық Уалиханұлы Бишімбаевты Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі 1-тармағы және 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағында қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасады деп танып, оған жаза тағайындау туралы үкім шығарды» деді Үкімді оқыған судья Айжан Құлбаева.
Сот Үкіміне сәйкес, экс-министр Бишімбаев Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі 1-тармағы (қинау) бойынша кінәлі деп танылды. Бұл бап бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Ол сондай-ақ Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 5-тармағы (аса қатыгездікпен адам өлтіру...