Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов «Астана» қаржы орталығына (АХҚО) қатысты дауға жауап береді. Оның сөзінше, үкімет қазір халықаралық қаржы орталығының құқықтық өкілеттігін қайта қарамақшы.
Ұлттық банк төрағасының түсіндіруінше, билік юрисдикциясының, яғни ағылшын құқығына негізделген жұмыс тәртібінің, Қазақстанның жалпы заңдық жүйесімен өзара әрекеттесуін қайта қарауды көздейді. Нақты айтқанда салық салу, капиталды шетелге шығару және қаржылық тұрақтылық мәселелері тағы бір талқылаудан өтеді.
«Біздің ойымызша, АХҚО-ның басқару органдары, мысалы Қаржылық қызметтерді реттеу комитеті, және біздің агенттік (ҚНРДА), Қаржы министрлігі арасында жедел өзара іс-қимылды күшейту қажет. Яғни, бұл жерде АХҚО мен Қазақстан Республикасының юрисдикциясының өзара байланысына кешенді түрде...