ҚР Ұлттық банкі (ҰБ) кеңсе техникасы мен жеке компьютерлерді жаңартуға миллиардтаған қаражат бөледі. Қымбат тапсырыстар сатып алу порталында жарияланды. Қадағалаушы мекеме осындай шығынға шамамен 3-4 млрд теңге жұмсап отыр.
Екі мың компьютер мен ноутбук
Атап айтқанда, Ұлттық банк шілде айында 874 дана стационар компьютерді шамамен 900 млн теңгеге тапсырыс берді. Диагоналі 24 дюймдік мониторы бар стационарлық компьютердің бір данасының құны 1 млн теңгеден асады. Бұған қоса, ҰБ қос мониторлы стационар компьютерлерге тағы 264 млн теңге жұмсайды.
Қадағалаушы мекеме сатып алғалы жатқан ноутбуктердің жалпы құны 1 млрд теңгеден асып кетті. Диагоналі 27 дюймдік мониторы бар 370 ноутбукке ...