Бес жыл бұрын жүргізілген саяси реформа ауылдарды басқару ісіне айтарлықтай өзгеріс әкелген. Бұл салада жүргізілген жұмыс нәтижелері туралы өзінің телеграм арнасында мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин жазған.
«Бес жыл бұрын саяси реформалар аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдерін тікелей сайлау механизмін енгізу туралы бастама көтерген болатын.
Соның нәтижесінде, кейінгі жылдары ауыл әкімдерінің корпусы 100 пайыз жаңартылды», – дейді ол.
Айтуынша, елдің 17 облысында жалпы саны 2 969 әкім сайланған. Соның ішінде 864 әкім өзін-өзі ұсынған. Ал 283 ауыл мен ауданды әйел-әкімдер басқарып отыр. Бір қызығы, сайланған әкімдердің дені бұған дейін мемлекеттік қызметте істемеген. Яғни...