Олигархтардан қайтқан аса бағалы әшекей бұйымдар аукционға шығарылды. Электронды сауда алаңында жарияланған алқалардың арасында әлемдік элиталық брендтер де бар.
«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» E-Qazyna электрондық сауда алаңында мемлекет меншігіне қайтарылған активтерді шығарды.
Ең қымбат әшекей — Van Cleef & Arpels” брендіне тиесілі алқа. Оның бастапқы бағасы 38,5 млн теңгеден асады. Сипаттамада көрсетілгендей 84 грамм болатын бұл алқа 16,92 карат гауһар тас және ақ алтынмен көмкерілген.
Одан кейінгі орында — «Frank Muller» брендіне тиесілі алқа. Бастапқы бағасы 5,2 млн теңгеден басталады. 750 пробалы ақ алтынан тұратын әшекейдің самлағы 52 грамм, тастарының жалпы саны 230. Сондай-ақ, 4,6 караттық ақ гауһар тастармен...