Ресейлік «Росатом» корпорациясы Қазақстанмен бірлесіп жаңа ауқымды жобалар жасауға дайын. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путиннің«Казахстанская правда» басылымында жарияланған мақаласында жазылған.
Путиннің жазуынша, Қазақстанда Ресейдің қатысуымен 23 мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді. Ресейдің Қазақстан экономикасына құйған инвестициясының қазіргі көлемі шамамен 13 млрд долларды құрайды.
«Екі елдің компаниялары өнеркәсіптік кооперация және жоғары технологиялар саласындағы бірқатар ірі бірлескен жобаларды жүзеге асырады Экономикаларды кешенді жаңғыртуға және Ресей мен Қазақстанның технологиялық тәуелсіздігін нығайтуға ықпал ететін толық индустриялық циклдің жаңа өндірістерін жолға қояды. Қазақстанда ядролық-отын циклі саласындағы жобаларды іске асыруға және уран саласын дамытуға «Росатом» практикалық жәрдем көрсетеді. Ресей Мемлекеттік...