«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов Жаңаөзенде салынып жатқан жаңа газ өңдеу зауытының құрылысына қатысты жиын өткізді. Ол құрылыс жүргізу кестесін қатаң сақтауды және барлық жұмысты белгіленген мерзімде орындауды тапсырды.
Қазір құрылыс уақытында аяқталу үшін бірнеше кезеңге бөлініп, қатар жүріп жатыр. Зауыт бірінші және екінші деп екі жобаға бөлінген.
«Жалпы, жобалау жұмыстары, жабдық пен материалдарды сатып алу мен жеткізу, сондай-ақ құрылыс-монтаждау жұмыстары 7,1%-ға орындалды, бұл жоспарлы көрсеткіштерге сай келеді. Сонымен қатар негізгі технологиялық тізбек, жалпы зауыттың шаруашылық және әкімшілік-шаруашылық мақсаттағы нысандары бойынша жобалық құжаттама әзірленуде. Болашақ зауыттың 3D модельдеу жұмыстарының 60%-дан астамы аяқталды», – деп жазылған...